+ All Categories
Home > Documents > Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға...

Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға...

Date post: 23-Aug-2020
Category:
Upload: others
View: 29 times
Download: 0 times
Share this document with a friend
13
Бейсенбі № 23 (9834) 2 маусым 2016 жыл Аудандық «Сырым елі» газетіне 2016 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу жүргізілуде. Газетке жазылу бағасы – 1421 теңге 17 тиын болса, мекемелер мен қоғамдық ұйымдар үшін газетке жазылу бағасы – 2122 теңге 17 тиын болып белгіленген. Ал, тікелей редакцияға келіп жазылушылар үшін газеттің бағасы – 900 теңге болып белгіленген. Газетке “Қазпошта” АҚ-ның барлық бөлімшелерінде жазылуға болады. Сүйікті газетіңізге жазылуға асығыңыз, ағайын! “Сырым елі” газетіне жазылдыңыз ба? Өткен айдың соңында Сырым ауданы Аралтөбе және Жетікөл ауылдық округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлау қорытындысына сәйкес Жанболат Мұхамбетжанов Аралтөбе ауылдық округінің әкімі болып, ал Ғабдуллин Салауат Жетікөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Аудан әкімі Абат Шыныбеков Жанболат Мұхамбетжановты Аралтөбе ауылдық округінің активіне таныстырды. Аралтөбе ауылдық округі аудандағы тірек елді мекендердің біреуі. Тірек елді мекен болған жерде, округтің әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері ұдайы өсімде болуы тиіс. Аудан басшысы жаңа әкімнің қызметіне табыс тілеп, округтің алдында тұрған мақсаттар үшін мұқиятты түрде жұмыс атқаруды тапсырды. Жергілікті қоғамдық кеңестің төрағасы Мүтәлі Төреғалиев жылдары ауыл халқында тұрақтылық байқалатынын айтты. Оның үстіне бұл округ былтырғы жылы көгілдір отынға қосылып, елдің тұрмыстық игілігі арта бастады. Ендігі жерде округ орталығын абаттандыруды дұрыстап тұрып қолға алу керек. Кеңес төрағасы ауыл активі атынан осындай ұсыныс білдірді. Округтегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Аманғалиев жергілікті кеңестердің мүшелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жаңа әкімнің жұмысына қолдау жасауға дайын екендіктерін айтты. Ауыл активімен болған жиыннан кейін аудан әкімі жаңа әкімді ауыл тұрғындарымен кездестірді. Аудан әкімінің 2016 жылғы 1 маусымдағы №94 өкімімен Жетікөл ауылдық округінің әкімі болып Габдуллин Салауат Сапаұлы тағайындалды. Габдуллин Салауат Сапаұлы 1957 жылы 16 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Ақрап ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы зоотехник. Еңбек жолын 1973 жылы Орал облысы Жымпиты ауданы Жымпиты ауылы №808 жылжымалы механикаландырылған колоннасының құрылысшысы болып бастаған. 1974-1975 жылдары Жымпиты ауылында автошкола тыңдаушысы; 1975-1977 жылдары Қарулы Күштері қатарында; 1977-1983 жылдары Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтының студенті; 1983-1996 жылдары Жетікөл совхозының зоотехнигі, бас зоотехнигі; 1996-1998 жылдары Жетікөл ауылы «Жетікөл» ӨК бас зоотехнигі; 2001-2009 жылдары Жетікөл ауылы «Қараман» шаруа қожалығының жетекшісі; 2009-2010 жылдары «Сырым»МКК шаруашылық меңгерушісі; 2010-2013 жылдары Жетікөл ауылдық округінің әкімі, әкімнің міндетін атқарушы; 2013-2014 жылдары Жетікөл ауылдық округі әкімінің орынбасары; 2014-2016 жылдары «Сырым» МКК директоры; 2016 жылдың маусымынан бастап Жетікөл ауылдық округінің әкімі. Отбасылы, үш қызы бар. Сырымдықтар аудан орталығы Жымпитыда орналасқан Алаш саябағындағы Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. 31 мамыр – Қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған қара жиын осы саябақтың ішіндегі қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне тұрғызылған стелланың басында өтті. Қаралы жиында аудан әкімі Абат Шыныбеков сөз сөйледі. Аудан әкімі ұлтына деген махаббаты үшін ғана азап көрген, ажал құшқан қазақ қайраткерлерінің есімдері Тәуелсіздік деген құндылықпен бірге қадірлі бола түсетінін айтты. Мұрағат деректері алақандай Сырым ауданының өзінен 177 адам қуғын-сүргінге ұшырады дегенді айтады. Осылардың 105-і атылыпты. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жымпитылық азаматтың бірі – Әлмұханбет Оспанов. Шараға осы кісінің ұрпағы Наурызғали Оспанов қатысты. Жиынның басында көрермендер Жымпиты халық театрының «Нәубет жылдар» атты саяси қуғын-сүргін кезіндегі қазақ жанұяларының тағдырын суреттейтін қойылымын тамашалады. Бауыржан ШирМединұлы Әкімдер қызметтеріне кірісті Аудан әкімінің 2016 жылғы 1 маусымдағы №93 өкімімен Аралтөбе ауылдық округінің әкімі болып Мухамбетжанов Жанболат Мұратжанұлы тағайындалды. Мухамбетжанов Жанболат Мұратжанұлы 1982 жылы 16 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Мамандығы заңгер. Еңбек жолын 2008 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. 2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының консультанты, аудандық әділет басқармасының жетекші маманы; 2012-2016 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/ бөлімінің басшысы. 2016 жылдың маусымынан бастап Аралтөбе ауылдық округінің әкімі. Отбасылы, екі ұлы бар. Боздақтарға тағзым Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 31-ші мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу бағытында оқырмандар мен оқушылар және Сырым колледжі студенттерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы, қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес «Болашаққа естелік», «Мәңгілік тағзым» атты шарасы өткізілді. Аталған шараға аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, аудандық қоғамдық келісімінің төрағасы А.Батыршин, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Ғалымов және сол зұлмат жылдарда саяси қуғынға шұраған Ә.Бисалиевтің ұрпағы Б.Бисалиев қатысты. Шара барысында қонақтарға сөз беріліп, олар жас оқырмандарға «Тәулсіздікті аңсаған бабаларымыздың жүріп өткен жолдары, төккен маңдай терілері туралы әңгімеледі. Әсерлі кеште аудандық мәдениет үйінің қызметкері Е. Ниетқали ақын Темірбек Медетбектің «Қуғын-сүргін заманы» өлеңін оқыса, Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің 6-7 сынып оқушылары әдеби-музыкалық монтажын көрсетті. Аудандық кітапхананың кітапханашысы А.Мамбетярова саяси қуғын-сүргін күніне орай жасақталған кітап көрмесімен таныстырды. нұрлан ТӨлеуіШов, Жымпиты ауылы Кітапханадағы басқосу * * * осы күні жаңа әкімді таныстыру Жетікөл ауылдық округінде өтті. Аудан әкімі Абат Шыныбеков ауылдық округтің активіне Салауат Ғабдуллинді таныстырды. Жетікөл ауылдық округі аудандағы мал шаруашылығына ширақ санаулы округтердің бірі. Бұл округ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда да басқалардан алда келеді. Қазір округтің алдында ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жұмысы тұр. Аудан басшысы жаңа әкімге осы мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар берді. Кейін аудан әкімі Абат Шыныбеков және Жетікөл ауылдық округінің әкімі Салауат Ғабдуллин ауыл тұрғындарыменен кездесті. Кездесуде ауыл ақсақалы Сайын Панағожиев, жергілікті келісім кеңесінің төрағасы Ұзаққайыр Саханов, зейнеткер ұстаз Әлия Есалиева сөз сөйледі. Б.ШеріМ * * *
Transcript
Page 1: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)

Бейсенбі № 23 (9834) 2 маусым 2016 жыл

Аудандық «Сырым елі» газетіне 2016 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу жүргізілуде.

Газетке жазылу бағасы – 1421 теңге 17 тиын болса, мекемелер мен қоғамдық ұйымдар үшін газетке жазылу бағасы – 2122 теңге 17 тиын болып белгіленген. Ал, тікелей

редакцияға келіп жазылушылар үшін газеттің бағасы – 900 теңге болып белгіленген. Газетке “Қазпошта” АҚ-ның барлық бөлімшелерінде жазылуға болады.

Сүйікті газетіңізге жазылуға асығыңыз, ағайын!

“Сырым елі” газетіне жазылдыңыз ба?

Өткен айдың соңында Сырым ауданы Аралтөбе және Жетікөл ауылдық округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлау қорытындысына сәйкес Жанболат Мұхамбетжанов Аралтөбе ауылдық округінің әкімі болып, ал Ғабдуллин Салауат Жетікөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Аудан әкімі Абат Шыныбеков Жанболат Мұхамбетжановты Аралтөбе ауылдық округінің активіне таныстырды.

Аралтөбе ауылдық округі – аудандағы тірек елді мекендердің біреуі. Тірек елді мекен болған жерде, округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері ұдайы өсімде болуы тиіс. Аудан басшысы

жаңа әкімнің қызметіне табыс тілеп, округтің алдында тұрған мақсаттар үшін мұқиятты түрде жұмыс атқаруды тапсырды.

Жергілікті қоғамдық кеңестің төрағасы Мүтәлі Төреғалиев жылдары ауыл халқында тұрақтылық байқалатынын айтты. Оның үстіне бұл округ былтырғы жылы көгілдір отынға қосылып, елдің тұрмыстық игілігі арта бастады. Ендігі жерде округ орталығын абаттандыруды

дұрыстап тұрып қолға алу керек. Кеңес төрағасы ауыл активі атынан осындай ұсыныс білдірді.

Округтегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Аманғалиев жергілікті кеңестердің мүшелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жаңа әкімнің жұмысына қолдау жасауға дайын екендіктерін айтты.

Ауыл активімен болған жиыннан кейін аудан әкімі жаңа әкімді ауыл тұрғындарымен кездестірді.

Аудан әкімінің 2016 жылғы 1 маусымдағы №94 өкімімен Жетікөл ауылдық округінің әкімі болып Габдуллин Салауат Сапаұлы тағайындалды.

Габдуллин Салауат Сапаұлы 1957 жылы 16 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Ақрап ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын

бітірген. Мамандығы зоотехник.Еңбек жолын 1973 жылы Орал облысы Жымпиты ауданы

Жымпиты ауылы №808 жылжымалы механикаландырылған колоннасының құрылысшысы болып бастаған.

1974-1975 жылдары Жымпиты ауылында автошкола тыңдаушысы;

1975-1977 жылдары Қарулы Күштері қатарында;

1977-1983 жылдары Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтының студенті;

1983-1996 жылдары Жетікөл совхозының зоотехнигі, бас зоотехнигі;

1996-1998 жылдары Жетікөл ауылы «Жетікөл» ӨК бас зоотехнигі;

2001-2009 жылдары Жетікөл ауылы «Қараман» шаруа қожалығының жетекшісі;

2009-2010 жылдары «Сырым»МКК шаруашылық меңгерушісі;

2010-2013 жылдары Жетікөл ауылдық округінің әкімі, әкімнің міндетін атқарушы;

2013-2014 жылдары Жетікөл ауылдық округі әкімінің орынбасары;

2014-2016 жылдары «Сырым» МКК директоры;2016 жылдың маусымынан бастап Жетікөл ауылдық

округінің әкімі.Отбасылы, үш қызы бар.

Сырымдықтар аудан орталығы Жымпитыда орналасқан Алаш саябағындағы Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. 31 мамыр – Қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған қара жиын осы саябақтың ішіндегі қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне тұрғызылған стелланың басында өтті.

Қаралы жиында аудан әкімі Абат Шыныбеков сөз сөйледі. Аудан әкімі ұлтына деген махаббаты үшін ғана

азап көрген, ажал құшқан қазақ қайраткерлерінің есімдері Тәуелсіздік деген құндылықпен бірге қадірлі бола түсетінін айтты.

Мұрағат деректері алақандай Сырым ауданының өзінен 177 адам қуғын-сүргінге ұшырады дегенді айтады. Осылардың 105-і атылыпты. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жымпитылық азаматтың бірі – Әлмұханбет Оспанов. Шараға осы кісінің ұрпағы Наурызғали Оспанов қатысты.

Жиынның басында көрермендер Жымпиты халық театрының «Нәубет жылдар» атты саяси қуғын-сүргін кезіндегі қазақ жанұяларының тағдырын суреттейтін қойылымын тамашалады.

Бауыржан ШирМединұлы

Әкімдер қызметтеріне кірісті

Аудан әкімінің 2016 жылғы 1 маусымдағы №93 өкімімен Аралтөбе ауылдық округінің әкімі болып Мухамбетжанов Жанболат Мұратжанұлы тағайындалды.

Мухамбетжанов Жанболат Мұратжанұлы 1982 жылы 16 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар

академиясын бітірген. Мамандығы заңгер.Еңбек жолын 2008 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым

аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған.

2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының консультанты, аудандық әділет басқармасының жетекші маманы;

2012-2016 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/ бөлімінің басшысы.

2016 жылдың маусымынан бастап Аралтөбе ауылдық округінің әкімі.

Отбасылы, екі ұлы бар.

Боздақтарға тағзым

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 31-ші мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу бағытында оқырмандар мен оқушылар және Сырым колледжі студенттерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы, қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес «Болашаққа естелік», «Мәңгілік тағзым» атты шарасы өткізілді. Аталған шараға аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, аудандық қоғамдық келісімінің төрағасы А.Батыршин, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Ғалымов және сол зұлмат жылдарда саяси қуғынға шұраған Ә.Бисалиевтің ұрпағы Б.Бисалиев қатысты. Шара

барысында қонақтарға сөз беріліп, олар жас оқырмандарға «Тәулсіздікті аңсаған бабаларымыздың жүріп өткен жолдары, төккен маңдай терілері туралы әңгімеледі. Әсерлі кеште аудандық мәдениет үйінің қызметкері Е. Ниетқали ақын Темірбек Медетбектің «Қуғын-сүргін заманы» өлеңін оқыса, Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің 6-7 сынып оқушылары әдеби-музыкалық монтажын көрсетті. Аудандық кітапхананың кітапханашысы А.Мамбетярова саяси қуғын-сүргін күніне орай жасақталған кітап көрмесімен таныстырды.

нұрлан ТӨлеуіШов,Жымпиты ауылы

Кітапханадағы басқосу

* * *

осы күні жаңа әкімді таныстыру Жетікөл ауылдық округінде өтті. Аудан әкімі Абат Шыныбеков ауылдық округтің активіне Салауат Ғабдуллинді таныстырды.

Жетікөл ауылдық округі – аудандағы мал шаруашылығына ширақ санаулы округтердің бірі. Бұл округ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда да басқалардан алда келеді. Қазір округтің алдында ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жұмысы тұр. Аудан басшысы жаңа әкімге осы мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Кейін аудан әкімі Абат Шыныбеков және Жетікөл ауылдық округінің әкімі Салауат Ғабдуллин ауыл тұрғындарыменен кездесті. Кездесуде ауыл ақсақалы Сайын Панағожиев, жергілікті келісім кеңесінің төрағасы Ұзаққайыр Саханов, зейнеткер ұстаз Әлия Есалиева сөз сөйледі.

Б.ШеріМ

* * *

Page 2: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)

2 2 маусым 2016 жыл қоғам

Ағымдағы жылы аудан бойынша билік өкіліне бағынбау, яғни, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бығынбау фактілері жиі орын алып отыр.

Атап айтқанда, 2015 жылдың 12 айында билік өкіліне бағынбау 4 қылмыстық құқық бұзушылық жасалған болса, 2016 жылдың өткен мерзімінде 4 құқық бұзушылық тіркелді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚК) 378 бабының 1 бөлігіне сәйкес билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 379 бабының 1 бөлігіне сәйкес билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Мысалы, 2016 жылғы ақпан айы-ның 12 күні сағат 22:20 шамасында Сырым ауданы, Жымпиты ауылының тұрғыны аз. Р. «102» нөміріне Жымпиты ауылы Оспанов көшесінің бойында аз. А. арақ ішкен мас күйінде балағаттағаны бойынша хабарлаған. Осы хабарламаны алған соң, ЖПҚ УПИ м.а. полиция капитаны М.Рахметов пен ЖПҚ УПИ полиция капитаны А.Исанов аталған оқиға орнына барған кезде аз. А. нысанды киімдегі А.Исановтың билік өкілі екенін біле тұра балағаттап, заңды талабына бағынбаған.

Сырым аудандық сотының 01.03.2016 жылғы үкімімен аз. А. ҚР ҚК-нің 379 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100 сағат

қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 380 бабының 1 бөлігіне сәйкес билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мысалы, аз. А. 24 сәуір 2015 жылы сағат 22:30 шамасында спирт ішімдігін ішкен күйінде мемлекеттік белгісі L 597 ВРА «Лада-2114 110 42» маркалы көлік құралын басқарып жүріп, Сырым ауданы Бұлдырты ауылының орталығында орналасқан мәдениет үйінің ғимараты қасынан Сырым аудандық ІІБ-нің Бұлдырты ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Ж.Мұхамбетжановтың мемлекеттік белгісі 897 СХА 07 «Лада 217030» маркалы автокөлігін түйіп, дөңгелектерін өзімен бірге алып жүрген пышағымен тескен, сол кезде оқиға болған жерге мәдиниет үйінің ауласынан шыққан Ж.Мұхамбетжанов келіп, қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында оған құқық бұзушылық әрекеттерін доғаруды талап еткен кезде аз. А. құлақ аспай, Ж.Мұхамбетжановтың өз лауазымдық міндеттерін атқаруына қарамастан қолында болған пышағын көтеріп, кеудесіне тақап, оған қарсы күш қолдану қатерін төндірген.

Сырым аудандық сотының 26.06.2015 жылғы үкімімен аз. А. ҚР ҚК-нің 380 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сондықтан, аудан тұрғындарын заңды билік өкілдеріне, соның ішінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағау, қорлау әрекеттерін жасау және күш қолданғаны не күш қолдану қатерін төндіргені үшін жауаптылық көзделгенін түсіндіремін.

Б.нАрМАТов,Сырым ауданы

прокуратурасының прокуроры

Қазақстан республикасы Қарулы Күштерінің қатардағы жауынгері Абдрашев Мейрамбек Бақытжанұлы 1994 жылы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылында дүниге келген.

2015 жылдың күзінде Сырым ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы әскер қатарына алынған М.Абдрашев, бүгінгі таңда Жамбыл облысы луговой кентінде орналасқан Қазақстан республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты № 42062 әскери бөлімінде отан алдындағы әскери борышын абыроймен өткеріп жатқан жас сарбаз.

2016 жылыдың көктемінде Жамбыл облысының Отар кентінде құрлық әскерлерінің әскери бөлімдерінің жауынгерлері арасында өткен «Экспресс Пресс» әскери жауынгерлік жарысында «граната атқыш» қаруынан нысаналарға дәл тигізген қатардағы жауынгер

М.Абдрашев және ол әскери қызметін атқарып жүрген үшінші мотоатқыштар ботальоны жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

Жарыс қортындысына сәйкес №42062 әскери бөлімінің командирі майор Ж.Сатқанов әскери ұрыс жаттығуларында, жауынгерлік жарыста жақсы нәтиже көрсеткені үшін қатардағы жауынгер Абдрашев Мейрамбек Бақытжанұлын марапаттап, қысқа мерзімді демалысқа еліне жіберді.

Әскер қатарында болған қысқа мерзімнің ішінде, темірдей тәртіпке бағынып, әскери қаруларды пайдаланудың қыр-сырын жақсы меңгеріп және оны іс жүзінде шебер қолдана білгені, бұл жас сарбазымыздың өз ісіне деген жауапкершілігі деп білеміз.

Ұлдарының санасына Отанға деген сүйспеншілікті сіңірген және елін қорғайтын ер азамат етіп тәрбиелеген Талдыбұлақ ауылында тұратын Мейрамбектің әкесі Абдрашев Бақытжан Ұзақбайұлы мен анасы Рамазанова Гүлсім Елеуғалиқызына шынайы алғысымызды білдіреміз.

Ұлдарымызды, қыздарымызды отансүйгіштікке, елін қорғайтын ер азамат, азаматша етіп тәрбиелеу бірінші кезекте ата-ананың басты міндеті және парызы.

Отанға мінсіз қызмет ету, Отан қорғау – ер азаматтың басты

міндеті. Себебі, қазақ топырағынан жаратылып, кіндігіміз кесілген туған жерді қадірлеп, қастерлеп, қорғамасақ, кім болғанымыз?! Қазақ перзенттері бола тұра, оның бейбіт күнін, тыныштығын сақтамасақ, бұл еліміз кімге керек?! Осы елімізді, жерімізді ата-бабамыз қасықтай қаны қалғанша қорғады, мұрат етті. Енді осы қазынаны кейінгі ұрпаққа қалдыру – біздердің ең басты міндетіміз.

М.СәрСенҒАлиев,Сырым ауданы қорғаныс істері

жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник

Заңды талаптарға бағынбау

жауапкершілікке апарады

Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы

Жымпиты ауылдық округі әкімдігі жанынан ауылдық әйелдер кеңесі құрылды.

Әйелдер кеңесіне «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Ерғалиева, аудандық туберкулез ауруханасының бас дәрігері Ө.Исқалиева және ауыл жағдайына бей-жай қарамайтын ауылымыздың белсенді аналары қатысты. Жиын барысында кеңес мүшелері болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, артық киім-кешектерді

жиып, аз қамтылған отбасыларға ұсынбақ. Қала берді ауруханада ем алатын жандардың сауаттылығын арттырып, көңілдерін бөлу мақсатында кітапқұмарларға кітап жеткізу ойларында бар екендігін жеткізді. Жымпиты ауылдық округі бойынша әйелдер кеңесінің төрайымы болып «Сырым колледжінің» өндірістік оқыту шебері А.Қапашева сайланды. Алдағы уақытта бұл кеңес жас отбасы отаналарымен бірігіп жұмыстанбақшы.

Ү.ЖәҢГіровА

ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық мәслихат депутаты Аида Ниязғалиева және «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәншүк Бахитова Өлеңті ауылындағы әйел–аналармен кездесті.

Кездесу барысында әйелдердің

қоғамдық өмірдегі ықпалын арттыру, қыз бала тәрбиесін маңызға шығару және оны нәтижелі жүргізу сияқты мәселелер талқыланды. Ауыл белсенділері атынан азаматша Әния Кәкімғалиева, ардагер ұстаз Қабира Ихсанова пікір білдірді. Олар өз пікірлерінде ұрпақ тәрбиесі, елдегі татулық пен даму, ауыл халқының

мәдени демалысына қатысты ойларын айтты, ұсыныстарын берді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Өлеңті ауылы бойынша әйелдер кеңесі құрылды. Кеңестің төрайымы болып ардагер ұстаз Қабира Ихсанова сайланды.

Бауыржан ШирМединұлы

Кеңесте – жаңа төрайым

2016 жылдың 30 мамырында өткен Сырым ауданының Аралтөбе және Жетікөл ауылдық округтері әкімдерін сайлауының қорытындысы бойынша сайланған

әкімдердің тіркелгені туралы ХАБАрлАМА№ Аты-жөні Туған күні Тұрғылықты жері Атқаратын лауазымы

Аралтөбе ауылдық округі бойынша1 Мухамбетжанов Жанбулат

Муратжанович16.03.1982 Жымпиты ауылы Сырым ауданы әкімі аппаратының

персоналды басқару (кадр қызметі) қызметі бөлімінің басшысы

Жетікөл ауылдық округі бойынша1 Габдуллин Салауат Сапиевич 16.03.1957 Қосарал ауылы «Сырым» мемлекеттік коммуналдық

кәсіпорнының директорыАудандық сайлау комиссиясы

Ағымдағы жылдың 31-ші мамырында Сырым ауданы Жымпиты ауылынан «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы бастау алды. достық пен татулық эстафетасын Жымпиты ауылдық округінің делегациясы Бұлдырты ауылдық округіне табыстады.

Татулықты ту еткен шара аясында дөңгелек үстел, қолөнер шеберлерінің көрмесі, концерттік бағдарламалар өтті. Аталмыш мега-жоба аудандық қоғамдық келісім кеңесінің бастамасымен өтуде.

Сырым ауданынан келген делегация алдымен әлеуметтік нысандарды аралап, дөңгелек үстелде бас қосты. Бұл күні сөз алғандар түсіністігі мен тұтастығы бар елдің келешегі жарқын болатынын тілге тиек етті. Кейін ауыл тұрғындары

Жымпитылық көркемөнерпаздар дайындаған концерттік бағдарлама-ны тамашалады. Күмбірлеген күй, әуелеген ән, мың бұралған би басқосудың ажарын айшықтай түсті. Бірлігі мен тірлігі, ынтымағы мен ауызбіршілігі, пейілі мен көңілі жарасқан ұлттар достастығының кілті болған мега-жоба алдағы уақытта Алғабас ауылында жалғасын табады.

Үміт ЖәҢГіровА

мега-жоба Бұлдырты ауылында

Page 3: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)

332 маусым 2016 жылқауЛы-қаРаР

(Жалғасы бар)

Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:1) толтырылған бағалау парақтарын;2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);3) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын

тапсырады.40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:1) бағалау нәтижелерін бекітеді;2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті

түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:1) егер «Б» корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте «Б»

корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;2) персоналды басқару қызметі «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберген

жағдайда.41. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде «Б»

корпусының қызметшісін таныстырады.«Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда

жүргізіледі.«Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге

кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану43. Комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті

органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінен шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

46. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.48. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.49. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары

бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

«Б» корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

50. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

51. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

52. «Б» корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.«Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және

жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне

1-қосымшаНысан

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары________________________________ жыл

(жеке жоспар құрастырылатын кезең)Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________Қызметшінің лауазымы: ___________________________________Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_____________________________________________

№р/с Шаралардың аталуы* Іс-шараның нәтижесі1 Іс-шара2 Іс-шара3 Іс-шара4 …

Ескертпе:- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына) қол жеткізуге бағытталуын,

ол (олар) болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиісҚызметші Тікелей басшыТ.А.Ә. (болған жағдайда)______________ Т.А.Ә. (болған жағдайда)______________күні _________________________________ күні _________________________________қолы ________________________________ қолы ________________________________

«Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне2-қосымша

Нысан Бағалау парағы

_________________________тоқсан_____жыл(бағаланатын кезең)

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:________________________________________________________Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:№ р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы Тікелей басшының бағалауы Ес-кер-ту

Көтерме-ленетін

көрсеткіштер мен қызмет

түрлері туралы

мәліметтер

Орындау тәртібін

бұзу туралы мәлімет-тер

Еңбек тәртібін

бұзу туралы

мәлімет-тер

Көтерме-ленетін

көрсеткіштер мен қызмет

түрлері туралы

мәліметтер

Орындау тәртібін

бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін

бұзу туралы мәлімет-тер

123

Өзін-өзі бағалау нәтижесі: Бағалау нәтижесі:

Қызметші Тікелей басшыТ.А.Ә. (болған жағдайда)______________ Т.А.Ә. (болған жағдайда)______________күні _________________________________ күні _________________________________қолы ________________________________ қолы ________________________________

Служба управления персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:1) заполненные оценочные листы;2) заполненный лист круговой оценки (для годовой оценки);3) должностная инструкция служащего корпуса «Б»;4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 5 настоящей Методике.40. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:1) утвердить результаты оценки;2) пересмотреть результаты оценки.В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с

соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:1) если эффективность деятельности служащего корпуса «Б» превышает результат оценки. При этом

представляется документальное подтверждение результатов работы служащего корпуса «Б»;2) при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего

корпуса «Б».41. Служба управления персоналом ознакамливает служащего корпуса «Б» с результатами оценки в

течение двух рабочих дней со дня ее завершения.Ознакомление служащего корпуса «Б» с результатами оценки осуществляется в письменной или

электронной форме.Отказ служащего корпуса «Б» от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов

оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

42. Документы, указанные в пункте 39 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

9. обжалование результатов оценки43. Обжалование решения Комиссии служащим корпуса «Б» в уполномоченном органе по делам

государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.

44. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего корпуса «Б» осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.

45. Информация о принятом решении предоставляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.

46. Служащий корпуса «Б» вправе обжаловать результаты оценки в суде.10. Принятие решений по результатам оценки

47. Результаты оценки являются основаниями для принятия решений по выплате бонусов и обучению.48. Бонусы выплачиваются служащим корпуса «Б» с результатами оценки «превосходно» и

«эффективно».49. Обучение (повышение квалификации) служащего корпуса «Б» проводится по направлению, по которому

деятельность служащего корпуса «Б» по итогам годовой оценки признана неудовлетворительной.Служащий корпуса «Б» направляется на курсы повышения квалификации в течение трех месяцев после

утверждения Комиссией результатов годовой оценки его деятельности.50. Служащий корпуса «Б», получивший оценку «неудовлетворительно», не закрепляется наставником за

лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.51. Результаты оценки служащего корпуса «Б» по итогам двух лет подряд со значением

«неудовлетворительно» является основанием для принятия решения о понижении его в должности. При отсутствии любой вакантной нижестоящей должности служащий корпуса «Б» увольняется в порядке, установленном законодательством.

52. Результаты оценки деятельности служащих корпуса «Б» вносятся в их послужные списки.Приложение 1

к Методике оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Сырымского района»

и районных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета Форма

Индивидуальный план работы административного государственного служащего корпуса «Б»__________________________________год

(период, на который составляется индивидуальный план)Ф.И.О. (при его наличии) служащего: _________________________________Должность служащего: _____________________________________________Наименование структурного подразделения служащего:______________________________________

№ п/п Наименование мероприятий * Результат мероприятия1 Мероприятие 2 Мероприятие 3 Мероприятие 4 …

Примечание:* - мероприятия определяются с учетом их направленности на достижение стратегической цели

(целей) государственного органа, а в случае ее (их) отсутствия, исходя из функциональных обязанностей служащего.

Количество и сложность мероприятий должны быть сопоставимы по государственному органу.Служащий Непосредственный руководительФ.И.О. (при его наличии) _____________ Ф.И.О. (при его наличии) ________дата _______________________________ дата ____________________________подпись ___________________________ подпись _________________________

Приложение 2 к Методике оценки деятельности административных государственных служащих

корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Сырымского района» и районных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета

ФормаОценочный лист

___________________квартал ____ года(оцениваемый период)

Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ____________________Должность оцениваемого служащего: __________________________________Наименование структурного подразделения служащего:_____________________________________________________________________Оценка исполнения должностных обязанностей:

№ п/п

Самооценка служащего Оценка непосредственного руководителя При-меча-ние

Сведения о

поощряемых показателях

и видах деятель-

ности

Сведения о фактах

нарушения исполни-тельской дисци-плины

Сведения о фактах

нарушения трудовой дисци-плины

Сведения о поощряемых показателях

и видах деятельности

Сведения о фактах

нарушения исполни-тельской

дисциплины

Сведения о фактах

нарушения трудовой дисци-плины

123

Результат самооценки: Результат оценки:

Служащий Непосредственный руководительФ.И.О. (при его наличии) _____________ Ф.И.О. (при его наличии) _________дата _______________________________ дата_____________________________подпись ___________________________ подпись _________________________

(Жалғасы. Басы №21,22 сандарда)

Page 4: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)

4 2 маусым 2016 жыл мЕРЕКЕ

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе коституция заңында белгіленеді. Бұл Мемлекттік рәміздерге биік мәртебе береді және заңмен қорғалады.

1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.

Рәміздер – бұлар біздің еліміздің, Қазақстанымыздың, яғни, республикамыздың бет-бейнесі, біз үшін биік, біз үшін қастерлі.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 4 маусымдағы «ҚР Президентінің 1968 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» №382 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» №337 Жарлығына сәйкес бұл күн Мерекелік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

Мемлекеттік рәміздер туралы конституциялық заңда «ҚР азаматтары, сондай-ақ республика аумағындағы тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс» деп белгіленген.

Мемлекеттік рәміздер күнін қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді.

Қазақстандық патриотизм – елдің нағыз патриоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне: Туына, Елтаңбасы мен Әнұранына ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді.

Қазақстандық патриотизм - өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын тәрбиелеу.

Халқымыз өз ата-мекенін, Отанын, өз халқын, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген.

Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлей білуілері қажет.

н.ҚАйырЖАновА, Сырым ауданының әділет

басқармасы басшысы

Сайысқа ауданның ауылдық округтерінен құралған үш топ («Тұлпар», «Қыран», «Сұңқар») қатысты. Толағай сайысына қатысқан әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен («Кедергілердің арасынан өту», «Картопты шашып

жинау», «Секірмек», «Кім жылдам», «Кім шапшаң», «Боулинг») тұратын кедергілерден өтуде шыдамдылық пен төзімділік көрсетіп, нәтижесінде «Тұлпар» тобы жеңіске жетті. Кезеңдер арасында әлеуметтік қызметкерлердің жетекшілігімен

әртүрлі ширату жаттығулары жасалып, «флешмоб» биі биленді. Қамқорланушылар – Шынар Төлеген, Айбат Кажимов, Мейрамбек Ахметжановтың орындауларында өнер көрсетілді. Сайыс соңында қатысушыларға күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлердің демеушілігімен алынған дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

А.БАяндыҚов,аудандық жұмыпен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

«Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының

арасында өтті. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп берді. Нәтижесінде І орынды «Қайсағалиевтер отбасы» иеленсе, ІІ орынды «Қылышбаевтар отбасы», ал ІІІ орынды «Құлмаханбетовтар отбасы» мен «Айтқалиевтер

отбасы» иеленді. Сайыс соңында мектеп әкімшілігі сайысқа қатысқан ата-аналарға алғыс білдірді. «Жас қыран» сатысына ұйымдастырылған спорттық шара өте тартысты өтті.

н.иХСАновА,ЖББ А.Жұмағалиев атындағы

Жосалы оМБК» КММ тәлімгері

мемлекеттік рәмізімізді құрметтейік!

отбасылық құндылықтарды дәріптеп-қастерлеуге арналған «Мерейлі отбасы-2016» байқауының жабық түрде өткізілген аудандық деңгейі мәресіне жетті. отбасылық сайысқа ауылдық округтерден 11 отбасы қатысты.

Отбасылар өздерінің құндылықтарын, дәстүрлерін, өнерлерін, қолөнер шеберліктерін көрсетіп, аудандық мәдениет үйінің фойесіне көрме ұйымдастырды.

Сарой ауылдық округінен Ерғалиевтер отбасы «Өнерлі отбасы», Жосалы ауылдық округінен Серғазиевтер «Өнегелі отбасы», Бұлан ауылдық округінен Мұхамбетжановтар «Белсенді отбасы», Алғабас ауылдық округінен Қаналиевтер отбасы «Тағылымы мол отбасы», шолақаңқатылық Қажғалиевтер «Парасатты

отбасы», аралтөбелік Бисембаевтар «Еңбекқор отбасы» аталымдарымен марапатталды.

«Мерейлі отбасы-2016» байқау-ының бас жүлдесін Бұлдырты ауылдық округінің Көгеріс ауылынан келген Қыдырғалиевтер отбасы жеңіп алды. Жеңімпаз отбасының жүлдесін аудан әкімі А.Шыныбеков табыс етті. І дәрежелі дипломмен

Талдыбұлақ ауылдық округінен Италиевтер, ІІ дәрежелі дипломмен жетікөлдік Қайдаровтар, ІІІ дәрежелі дипломмен тасқұдықтық Шулеуовтар жанұясы марапатталды.

Ынтымақты отбасыларға арналып көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын концерт ұйымдастырылды.

Шынар МолдАнияЗовА

қыдырғалиевтер бас жүлдегер

атанды

отбасылық сайыс

Жақында Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі «Сырым» саябағында қамқорлығындағы мүгедектер арасында республикалық «денсаулық фестивалі» шеңберінде «Біз – саламатты өмір салты үшін!» ұранымен «Толағай» отбасылық сайысын өткізді.

мектептегі мәнді шара

4 маусым - ҚР рәміздер күні

Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кеңес төрағасы әнуарбек Ғалымовтың төрағалық етуімен аудандық қоғамдық кеңестің төртінші отырысы өтті. Кеңес отырысына аудан әкімі Абат Шыныбеков, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық мәлихаттың депутаты Ғанимат нұрмұханов, аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар дүйсенғалиева қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде 2020 жылға дейінгі Сырым ауданын дамыту жоспары талқыланды. Дамыту жоспарымен аудандық

экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мұса Шалабаев таныстырды. Мұса Кеңесұлының айтуынша, даму жоспары экономика, инфрақұрылым, әлеуметтік сала және ауыл аумақтарды дамыту мен экология бағыттарын қамтиды. Аудан әкімі Абат Шыныбеков жоспарды жүзеге асыруда әріптестерінен ыждағатты, жауапты әрі патриот болуды талап етті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қоғамдық кеңестің мүшелері ұсыныстар білдірді.

Отырыстың күн тәртібінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған аудандық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы баяндалды.

Жиынның қорытындысында аудан әкімі Абат Шыныбеков, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар сөз сөйледі.

Бауыржан ШирМединұлы

отырыстағы орынды ұсынбалар

Page 5: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)

52 маусым 2016 жылБаЛДӘуРЕн

Менің атам Амангелді Сақтағанұлы 1939 жылы 11 наурызда Тасқұдық ауылында дүниеге келген. Осы ауылда көптеген жылдар бойы аянбай халқы үшін қызмет атқарған. Ол шаруашылық менгерушісі болып жұмыс істеді. Халыққа керек-жарақтың бәрін уақытында жеткізіп отырған. Тек өз аулымызды емес Алатау, Смычка, Тінәлі, Батпақты

елді мекендерін де азық-түлікпен қамтып отырған. Сонымен қатар ол 7 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп, өсірген ардақты әке, сыйлы отағасы бола білген. Атамның еңбегін әлі күнге дейін халқы біледі, дәріптейді. Мен атамды мақтан етемін.

Айым АМАнГелді, ЖББ Тасқұдық негізгі мектеп-балабақша кешенінің оқушысы

атамды мақтан етемін

Бірлестік 2014 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Төрайым Гүлбақша Ерғалиеваның айтуынша, бірлестік бүгінгі күні 11 баланың оңалту

жұмыстарын жүргізуде. Ұйымда 6 қызметкер жұмыс жасайды.

Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Абат Шыныбеков бірлестік

ұжымына балаларға деген шапағаты үшін алғыс білдірді.

Қонақтар балаларға мерекелік сыйлықтар табыстады.

Бауыржан ШирМединұлы

Аралтөбе ауылдық округінде 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз балаларға!» атты мерекелік шара өтті.

Шараны ұйымдастырушы – Аралтөбе ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері мен жергілікті кітапхана ұжымы.

Мерекелік шарада Асылгүл Шаужанова, Көркем Дабыл, Мұратжан Сағынғалиев және Ақжол Абылай сияқты жас өнерпаздар өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар шараға қатысушы әрбір балаға сыйлық берді.

Б.ШеріМ, Аралтөбе ауылы

Балаларды қуантқан күнСырым ауданындағы

психологиялық - педагогикалық кабинеттің ұйымдастыруымен 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік концерт өтті.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру және оңалтумен айналысатын кабинеттің жұмыс жасай бастағанына биыл 10 жыл толады. Осы 10 жылдың ішінде 100-ге тарта бала мекеменің тәрбиесінен өткен. Биылғы оқу жылының өзінде осы мекемеден 53 бала психологиялық-дефектологиялық көмек алыпты. Мекеме педагогтарының еселі еңбегінің нәтижесінде осы балалардың 7-еуі даярлық сыныбына, ал 13 бала жалпы білім беру мектептеріне жолданды. 3 бала түзеу-дамыту жұмыстарын қажет етпейтін жағдайға дейін сауыққан болғандықтан мекеменің есебінен шығарылды. Бірер жылдың қорытындысының өзі осындай.

Кабинет меңгерушісі Аида Ниязғалиеваның айтуынша, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың тағдыры жылма-жыл мемлекеттік маңызға алынып келеді. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жалпы білім беретін мектептерде арнайы логопед дәне дефектолог мамандар үшін бірліктер ашылса, кешегі оқу

жылынан бастап түзеу сыныптары, мектепалды даярлық ұйымдарында инклюзивті кабинеттер жұмыс жасай бастады. Аудандағы «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің жұмысы да кабинетпен мазмұндас.

Мекеме ауласында өткен мерекелік шарада аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтау сөз сөйледі. Қоғам баланы тәрбиелеу арқылы өзінің болашағын жасайды. Әрбір бала өзінше бір тәрбиеге мұқтаж. Мәселе даму мүмкіндігі шектеулі балаларға тірелгенде, тіпті нәзік бола түседі. Бұл балалардың сауығып, қатарға қосылуы жолында ауданымыздағы психологиялық-педагогикалық кабинеттің еңбегі ерен. Аудан әкімі осыны айтты. Кейін аудан басшысы ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға демеушілік көрсеткен аудан кәсіпкерлеріне алғыс хат тапсырды.

Біз осы мақалада Қуандық Жаужиев, Алмагүл Жанғожиева, Айсұлу Ихсанова, Әлия Нұрманова,

Гүлфия Камалиева және Нұралы Үдіреев, Аида Нұрмұханова сияқты кәсіпкерлердің есімдерін атағанды дұрыс санадық.

Балалардың мерекелік шарасында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзәгүл Ерғазиева, кәсіпкер Қуандық Жаужиев, «Нұр шуағы» қоғамдық ұйымының төрайымы Гүлбақша Ерғалиева, аудандағы ерікті мүгедектер қоғамының төрайымы Бақтылы Сәңкібаева құттықтау сөз сөйлеп, балаларға сыйлықтарын тапсырды.

Шара психологиялық-педаго-гикалық кабинет тәрбие-ленушілерінің мерекелік концертіне ұласты. Мекеменің тәрбиеленушілері және ата-аналары үшін «Тамаша» мейрамханасының иесі Аида Нұрмұханова тегін мерекелік дастархан жайды. Бұл кісі соңғы жылдары қайырымдылық шараларына белсенді қатысып келеді.

* * *осы күні аудан әкімі Абат

Шыныбеков пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман Баяндықов «нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінде 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шараға қатысты.

Жымпиты ауылы орталығында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің» атты мерекелік шара өтті. Шарада аудан әкімі А.Шыныбеков сөз сөйлеп, барлық бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады. Осы шарада облысымыздан бүлдіршіндерді арнайы құттықтауға

келген «Миллионы» ойын-сауық орталығының шоумендері көңілді ойын-сауық ұйымдастырып, балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Шарада көңілді ән айтылып, балаларға түрлі сыйлықтар табыс етілді.

нұрлан ТӨлеуіШов,Жымпиты ауылы

* * *

«Жақсылық жасасаң, балаға жаса, өйткені бала өзін қуантқан адамын ұмытпайды» деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Осы орайда аудандық балалармен жасөспірімдер шығармашылық орталығының атынан «Сары бүркіт» командасына біркелкі киімдер табыс етілді. Сонымен қатар бала жанының бағбаны боп жүретін Нұрболат Серікұлы Алғабас ауылының үйден оқитын Айболат есімді оқушыны осы сыйлықтан тыс қалдырмай және «Сары бүркіт» командасы атынан сыйлықтар табыс етіп, қуанышқа бөледі.

н.ТӨлеуіШ, Алғабас ауылы

«Бақытты балалық шақ» жобасы аясында 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, «Сырым аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры Асхат Ғабделғазезұлы Дүйсенғалиев және «Сырым» БПҰ-ның белсенді мүшелері Сырым аудандық орталық ауруханасында

стационарлық ем алып жатқан балаларға арнап «Бақыт сыйла» қайырымдылық акциясын өткізді. Шараның мақсаты – емделуші балаларға мерекелік көңіл-күй, шаттық сыйлау, балалардың бойында әлеуметтік белсенділік дағдылары мен жауапкершілікті қалыптастыру.

Мерекелік акция барысында балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратылды.

К.АйТАШовА,«Сырым» БПұ төрайымы

* * *

* * *

Page 6: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)

6 2 маусым 2016 жыл ДІн жӘнЕ иман

мұрағат пен музей байланысыАса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді

мүбәрак Рамазан айының келуімен құттықтаймын! Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің

жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Сабырлық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамдық асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Адамның иманы күшейген сайын арсыздықтан арыла бастайды. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі.

Сауаптар еселеніп жазылатын айда жасалған қайырлы істің қайтарымы адам баласы үшін құпия-сыр. Тіпті, ауыз бекітушіге берілетін сый мен сауап, құрмет пен марапат пайғамбарлар мен періштелерге де белгісіз.

Құдси хадисте Алла Тағала: «ораза – тек Мен үшін. оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...» – деп оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған.

Шарапаты мен шапағаты мол айда күнәлі істерден бас тартып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартуға, Жаратушының разылығына бөленуге асығайық!

Рамазанның қадірін жақсы түсінген сахабалар оразаға алты ай қалған сәттен бастап: «Раббымыз, бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға еткен. Пенденің осы айда ұстаған оразасы, қосымша құлшылықтары, өзгелерге жасаған қайырымдылығы, барлық сауапты амалдары еселеніп жазылады.

Ораза – күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес. Ораза – рухтың азығы, тәннің шипасы. Рамазан жан мен тәнді рухани тазартатын, мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Аузы берік жандар әдеп білмес пенделердің өзіне жасаған кейбір оғаш іс-әрекеттерін көріп, тұрпайы сөздерін естісе де: «Мен оразамын», – деген бір ауыз сөзбен нәпсісіне тоқтау салып, сабыр сақтайды. Ал сабыр иесіне берілетін сый – жәннат.

Денсаулығына байланысты немесе кәрілік жетіп ораза ұстауға шамасы жетпеген адамдар ауыз бекіткен кісілерге ауызашар берсе, ол да – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да қамқорлық жасағанға сауап жазады…» – деген. Биыл маусым-шілде айларына тұспа-тұс келген Рамазанда ауыз бекітуге күннің ыстығы кедергі келтірмейді деп сенеміз. Себебі, оразаның рухани дәмін татқан жан Алланың теңдессіз сыйынан шет қалғысы келмейтіні хақ.

Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей!

Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әумин! ержан қажы МАлҒАЖыұлы,Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

6 маусымы – Қасиетті Рамазан айының бірінші күні

Қасиетті рамазан айындағы ораза ұстау мен намаз оқу уақыттарының кестесі . Жымпиты ауданына және олардың елді мекендеріне ( жергілікті уақыт бойынша) 2016 жыл 1437 - һижра.

Рамазан – мұсылмандардың ұлық мерекесі.«Ей, иман келтіргендер! Тақуалықтан үміттерің болса, өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау парыз етілгені

сияқты сендерге де ораза ұстау парыз етілді». (Бақара сүресі, 185-аят) рамазан

айының күндері

Апта күндері

Маусым ж/е Шілде

айы

Таң намазы

Күннің шығуы

Бесін намазы

екінті намазы

Ақшам ауыз ашар

уақыты

Құптан Тарауых намазы

1 дүйсенбі 6 3.19 5,19 13,30 19,00 21,43 23,232 Сейсенбі 7 3.19 5,19 13,30 19,00 21,44 23,243 Сәрсенбі 8 3.19 5,19 13,30 19,01 21,45 23,254 Бейсенбі 9 3.19 5,19 13,30 19,01 21,46 23,265 Жұма 10 3.19 5,19 13,30 19,02 21,47 23,276 Сенбі 11 3,18 5,18 13,30 19,02 21,48 23,287 Жексенбі 12 3,18 5,18 13,30 19,03 21,49 23,298 дүйсенбі 13 3,18 5,18 13,30 19,03 21,50 23,309 Сейсенбі 14 3,18 5,18 13,30 19,04 21,51 23,31

10 Сәрсенбі 15 3,18 5,18 13,30 19,04 21,51 23,3111 Бейсенбі 16 3,18 5,18 13,30 19,05 21,52 23,3212 Жұма 17 3,18 5,18 13,30 19,05 21,52 23,3213 Сенбі 18 3,18 5,18 13,30 19,05 21,53 23,3314 Жексенбі 19 3,18 5,18 13,30 19,05 21,53 23,3315 дүйсенбі 20 3,18 5,18 13,30 19,05 21,54 23,3416 Сейсенбі 21 3,18 5,18 13,30 19,05 21,54 23,3417 Сәрсенбі 22 3,18 5,18 13,30 19,05 21,54 23,3418 Бейсенбі 23 3,19 5,19 13,35 19,05 21,54 23,3419 Жұма 24 3,19 5,19 13,35 19,05 21,55 23,3520 Сенбі 25 3,19 5,19 13,35 19,05 21,55 23,3521 Жексенбі 26 3,20 5,20 13,35 19,05 21,55 23,3522 дүйсенбі 27 3,20 5,20 13,35 19,05 21,55 23,3523 Сейсенбі 28 3,21 5,21 13,35 19,05 21,55 23,3524 Сәрсенбі 29 3,21 5,21 13,35 19,05 21,54 23,3425 Бейсенбі 30 3,22 5,22 13,35 19,05 21,54 23,3426 Жұма 1 3,23 5,23 13,35 19,05 21,54 23,3427 Сенбі 2 3,23 5,23 13,35 19,05 21,54 23,34

28 Жексенбі 3 3,23 5,23 13,35 19,05 21,53 23,3329 дүйсенбі 4 3,24 5,24 13,35 19,05 21,53 23,33

еСКерТу :Сәресі ішу «ауыз жабар уақыты» Таң намазына 10 минөт қалғанда тоқтатылады.1.Ауызды ақшам намазының уақыты болсымен, құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен ашуға болады.2. Шілденің 1-нен 2-не қараған түн «Ләйләтул-Қадр», яғни, қасиетті Қадір түні.3. Шілденің 5-і Сейсенбі күні Ораза айт мейрамы басталады. Айт намазы сағ. 7:30-да оқылады.4. Пітір садақасының көлемі бір кісіге 200 (екі жүз теңге). 5. Ауыз ашар дұғасы : Ия, Алла! Саған шын ниетіммен ораза тұттым. Сенің берген риздығыңа ауыз аштым.Саған ғана иман келтірдім және өзіңе ғана тәуекел еттім. Тілегімді қабыл ет. Әмин!6. Ауыз жабар дұғасы : Ниет еттім таңсәріден күн батқанша Рамазан айының бүгінгі күнінің оразасын ұстауға. Аллаһу

әкбәр!. Б.САБрАлиев,

Жымпиты мешітінің бас имамы

РАҚЫМ АЙЫ – РАМАЗАН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

АСА МейріМді, рАХыМды, АллАҺТыҢ АТыМен БАСТАйМын !

Мамыр айының тамылжыған сәтінде алып шаһар, өнер мен білім ордасы Алматы қаласына баруға жолым түсіп, сапарым сәтті аяқталып, барған мекемелерден алған ақпараттармен бөлісуді жөн көрдім. Жұмысымның алғашқы күнін Қазақстан республикасының Президенті мұрағатынынан бастадым. Мұрағат басшысы Борис әлікенұлы мен орынбасары досқазы Ақайұлымен кездесіп, сұхбаттасудың сәті түсті.

Жалпы мұрағат қоры 1917 жылдан басталады. Сол жылдардан басталаған көптеген тарихты табуға болады. Қазіргі таңда мұрағатта ашаршылыққа қатысты арнайы сайт құрылып, сол жылдары қаза болған-дар туралы барлық ақпараттартар қол жетімді болып келеді екен. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы ащы шындықты, жер аударылған қазақтың белді азаматтары мен олар туралы деректерді де іздестіруге мүмкіндік мол болып шықты. Қызыл империяның қаһарына ұшыраған жүз мыңдаған қазақстандықтардың арасында біздің жымпитылықтардың да болғаны ақиқат. Ендігі жерде осы саяси қудалауға ұшыраған, аштық жылдары жоғалып кеткен, қайтыс болған, жер аударылған адамдары-мыз туралы деректерді іздестіру үшін осы мұрағатпен болашақта жұмыс жасаймыз деп келісіп келдім.

Өздеріңіздің осы жылдары жапа шеккен жақындарыңыз туралы білгілеріңіз келсе, аудандық музейге келіп жолығуларыңызды сұраймын. Егер де ол мұрағат қорында қандай да бір құжат табылса, олар бізбен бөлісуге әзір. Әңгіме барысында сөз болған ауданымызға қатысты одан бұрынғы көне деректерді іздестіру жайы болатын. Он сегізінші ғасырдың аяғы мен он тоғығызыншы ғасырдың толық тарихын Орынбор, Мәскеу қалаларынан іздеу керектігін де айтты. Осы Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері Нұржан Ықсанұлы мен Рашид Ешенұлымен де сөйлесіп, олар арқылы Мемлекеттік мұрағатпен байланысып, сосын барып Ресейге шығуға мүмкіндік болатын шығар. Бұл енді болашақта атқарар еңбектеріміздің бастамасы болмақ. Жалпы мұрағатпен жұмыс жасау ұзақ ізденуді, уақытты талап етеді. Бәрі бірден табылып, тарихымыз түгенделе де қалмайды. Бірақ, тамшыдан көл құралады демекші біртіндеп құнды деректерге қол жеткізуге болады. Оған ауданымыздың тарихшылары белсенділік танытып, көне көз қариялар осы ашаршылық жылдарындағы естіген әңгімелерін жинақтап, бізге тапсыруға шақырамын.

А.ойШыБАевА,Сырым датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің

меңгерушісі

«Нұр Отан» партиясының тұрғындарға коммуналдық және басқа да қызмет түрлерінің сапалы көрсетілуін қамтамасыз етуді қолдайтын арнаулы жобасының бірі «Айқын тариф» жобасы аясында «Жас Отан» Жастар Қаңаты Сырым аудандық бөлімшесі, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тұрғындарға коммуналдық қызмет түрлерінің сапасы жайында брифинг өткізілді. Брифингке партиялардың белсенділері, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ауданымыздың үкіметтік емес ұйымдары, БАҚ өкілдері, ресурстық орталықтың қызметкерлері қатысты. Брифингті «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси

Кеңесінің мүшесі Д.Тайшиев кіріспе сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды. Қатысушылар алдында Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомиль жолдар бөлімінің басшысы Ө.Бектенов «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы, азаматтардың жекелеген санаттарына заңға сәйкес тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер мен тарифтердің айқындығын арттырудағы өзекті мәселелер» жайында баяндама жасады. Осы бағдарлама бойынша электр энергиясы, газ, жылу, су бағасы бақыланады.

д.ТАйШиев,Сырым аудандық

«Жас отан» ЖҚ басшысы

қоғамдық тыңдауға арналды

Жер заңнамасына қатысты өзгерістерді түсіндіру тобының мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Асхат дүйсенғалиев “Жібек жолы” шаруа қожалығының ұжымымен кездесті.

Кездесуге қожалықтың жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Ғанимат Нұрмұханов және Сырым аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Өтеген Уашев және

қожалықтың еңбек ұжымы қатысты.Кездесуде Жер кодексіне

түзетулерге жарияланған мараторийдің маңызы талқыланды. Түсіндіру тобының мүшелері жерді игерудің, инвесторлар тартудың елге беретін оң әсері жайлы айтты. Өз ретінде “Жібек жолы” қожалығының ұжымы да жерді пайдаға асыруды, жер арқылы табыс табуды қолдайды. Қожалықтың бас инженері Ерген Жұмағожиев әріптестері атынан осындай пікір білдірді.

Б.ШеріМ

“жібек жолындағы” жүздесу

Page 7: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)

директор-редакторы: Қажиахметов Махмет Мүтиұлы

“Жайық Пресс” ЖШС Сырым филиалының “Сырым елі” Сырым аудандық қоғамдық-саяси газетінің

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШСбас директор

Жантас набиоллаұлы Сафуллин

Газет аптасына 1 рет шығады Көлемі 2 баспа табақ

Телефондары: Редактор: 31-2-14

Жауапты хатшы: 22-7-10Бухгалтер (факс): 31-4-34

Кезекші редактор: Б.Ширмединлы

Газет Сырым аудандық “Сырым елі” газеті редакциясында

компьютерлік әдіспен теріліп, беттелді.

“Жайық Пресс” ЖШС баспаханасында басылады.

орал қаласы, Мұхит көшесі: 57/1

Тапсырыс: 22Таралымы: 1648

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның

түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап

бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін

автор жауапты. ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Мекен-жайымыз: 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты кенті, есенжанов көшесі, №17 үй. Біздің электронды поштамыз: E-mail: [email protected]

Газет Қр Байланыс және ақпарат министрлігініңАқпарат және мұрағат комитетінде 19.01.2012 жылы тіркеліп, №12266-Г куәлігі берілген.

72 маусым 2016 жылДЕнСауЛық

Өмір болмысы

ақТқ жұқпасынан сақтанайық!

Бүгінгі қарама-қайшылығы көп заманда әрбір адамның бір басына жетерлік немесе жеке өмірінде, отбасында жан күйзелісіне түсіп, қиналып жүрген жандар қаншама? Өмірде ең қалаулы нәрсесі не екенін кез келген адамнан сұрасаныз, ең таралған жауап: «Мен тек бақытты болғым келеді». Біз бәріміз сол үшін бұл дүниеге келгенбіз.

Бірақ, өмірдегі қуаныш пен қайғы тоқталмастан алмасқан күнмен түн секілді. Бұл өмірдің белесінен өте алмай, ақ шағала арманына жете алмай, сабыры жетпей сындарға бәрі бекер-ай деп өз өміріне балта шауып, өзіне нәсіп еткен ертеңгі күнін көруден бас тартып, түңіліп, өзіне-өзі қол жұмсап жатқан адамдар қаншама? Әр адамның тағдыры әр қилы. Өмірде адам шешімін таба алмайтын қиын жағдайлар туындайды. Ұрыс-керіс, жанжал, жалғыздық, жақынынан айрылу, ауырпашылық, қайғы-қасірет, тағы басқа.

Осындай қиын кездерде біреудің көмегі қажет. Туыстары түсінбей, ең жақын достарынан да алыстап, бөтен

адамдардан да ақыл сұрауға ыңғайсыз жағдайлар болуы мүмкін. Басына осындай сәттер түскен уақытта осы сенім телефондарына қоңырау шалуға болады: республикалық 150, облыстық 54-90-90 және аудандық сенім телефоны 22-0-81.

И.Бродский айтып кеткендей, «Мүмкін әлемді сақтауда мүмкіндік жоқ шығар, бірақ, жеке адамды сақтап қалуға әрқашанда мүмкіндік бар». Сондықтан да біз әрқашан жақын туыстарымыздан, достарымыздан осындай суицидтік мінез-құлықтарындағы келесі әрекеттер алаңдатушылық тудыру керек. Өзіне жақын адамдармен сөйлескісі келмеуі, өзіне қымбат заттарды басқаларға сыйға тартуы,

тура немесе жасырын түрде өлгісі келетіндігін немесе әрі қарай өмір сүргісі келмеуі туралы айтса, өз өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін қауіпті іс-қимыл жасаған жағдайда-ақ назар аударған жөн. Әрине, адамның өмірі өз қолында. Егер сіз үшін қымбат адамдарыңыз жауабын таппай қиналыс-күйзеліс жағдайларында өз өмірінен бас тартатындай сәттерде оның жалындаған ғұмырының жалғасын табуы сіз бен біздің қолымызда екенін ұмытпайық, ағайын.

А.БеКеШовА,Бұлдырты дәрігерлік

амбулаториясының психологы

Қазіргі уақытта АҚТҚ инфекциясы Қазақстан республикасының барлық өңірлерінде тіркелген. Бұл қауіпті вирусты жұқтырудан ешкім де сақтандырылмаған.

АҚТБ жұқпасының таралуы 2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада 24426 жағдай тіркелсе, соның ішінде ер адамдар 16021, әйелдер 8402. Ал, Батыс Қазақстан облысы бойынша 491, ер адамдар 318, әйелдер 173 тіркелген. Аудан бойынша АҚТҚ жұқпасы тіркелген жоқ. 0-14 жасқа дейінгі балалар республика бойынша 35, облысымыз бойынша тіркелген жоқ, 15-19 жас аралығында тіркелгендер республика бойынша 916, облысымыз бойынша 32. Ал, жас шамасы ең көп тіркелу 20-49 жас аралығында республика бойынша 21748, облысымызда тіркелгендер 436.

Негізінен, инфекция жынысына қарамастан, көбіне жастар арасында көп таралады. АҚТҚ ауруды жұқтырған адамнан немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адамнан жыныстық қатынас кезінде (презервативсіз сексуалдық байланыс арқылы), қан арқылы, залалсыздандырылмаған ине, шприцтер арқылы есірткіні инъекциялық енгізу кезінде, денеге

сурет салу мен пирсинг кезінде залалсыздандырылмаған құралдар арқылы, сондай-ақ бөгде біреудің ұстарасын қолданған кезде беріледі. Ауру жұқтырған адам өз баласын жүктілік, босану немесе емізу кезінде жұқтыруы ықтимал.

Қарсы тұру тапшылығы қоздырғышы ешкімді де аямайды. Әсіресе, жасөспірімдер мен жастарға төнетін қауіп жоғары. Өйткені, олар көп жайттардан бейхабар болады және қауіпті әрекеттерге жиі барады. Көптеген жастар кәмелетке толмай жатып, жыныстық қатынасқа түседі. Оның үстіне, көбіне жасөспірімдер мен жастар ішімдік, есірткіні татып көруге әуес болады Ал, бұл олардың өзін-өзі қадағалау қабілетін төмендетеді.

Жыныстық қатынасқа ерте түсу, жыныстық серіктердің көп болуы ЖҚТБ жұқтыру қаупін күшейтеді.

1.Кездейсоқ жыныстық қарым-қатынастарға бармаңыз.

2. Ортақ ұстара, теріні және сілемейлі қабықшаны зақымдайтын басқа да құралдарды қолданбаңыз.

3.Нашақорлықтан сақ болыңыз.4.Егерде АҚТҚ жұқпасына

тексерілгіңіз келсе, аудандық аурухананың емхана бөлімінде жасырын (анонимді) түрде тексерілуге болады.

А.АнеСовА,аудандық инфекционист-дәрігер

Туляремия – аса қауіпті жұқпалар тобына енетін жіті жұқпалы ауру. Туляремия – жоғары температураның болуымен, науқаста бастың ауруымен, лимфа бездерінің, терінің және өкпенің зақымдануымен көрініс беретін жұқпалы ауру. Туляремия жануарлардан жұғатын (зооноз) табиғи ошақты ауру болғандықтан науқас адам айналасына қауіпті емес. яғни, туляремия адамнан адамға жұқпайды.

Ауру негізінен су тышқандарына, атжалмандарда, қояндарда, тағы басқа кемірушілерде болады. Кенелер

мен бүргелер аурудың таратушысы болып табылады. Кенелер осы ауруды тасымалдап қана қоймай, аурудың қоршаған ортада сақталуына да себепкер болады. Аурудың қоздырушысы адам ағзасына тері арқылы ауру жануармен немесе жәндікпен қатынаста болғанда енуі мүмкін. Ауырған жануарлар сыртқы ортаға несебі мен нәжісі арқылы өте көп мөлшерде туляремия қоздырғыштарын бөліп шығарады және топыраққа, құдықтар мен өзен суларына, азық-түлікке, дәнді дақылдарға, шөпке жұқтырады.

Аурудың жасырын мерзімі орташа 3-7 күн болып келеді. Сол мерзім өткен соң науқастың дене қызуы кенеттен 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Басы қатты ауырып, айналып, аяқ, арқа бұлшық еттерінің қақсап ауырады. Тәбеті жоғалып, әлсіздік пайда болады. Қалтырап тоңу сияқты белгілері басталады.

Баспа белгілері орын алып, жақ асты, мойын, қолтық, шап бездері ісінеді. Аурудың бірінші күнінен бастап бет қызарып, 3-5-ші күндері құрғақ жөтел басталды. Теріде ұсақ бөртпелер пайда болып, тершеңдік басып, ұйықысы бұзылады.

Туляремияның кез келген түрі үшін басты белгілері әр түрлі лимфа бездерінің ұлғаюы байқалады. Ауру көбінесе, 3-2 атпаға созылып (кейде одан да ұзақ болуы мүмкін), сирек жағдайда қайталануы мүмкін. Барлық адамдар туляремия қоздырғышын қабылдауға бейім болып келеді.

Аурумен күресудің және алдын алудың негізгі жолдары жоғарыда аталған жануарларды, кеміргіштерді және қансорғыштарды жою, ауруға қарсы егілу болып табылады.

Ж.ҚАнАТҚАлиевА,орал обаға қарсы күрес станциясының дәрігері

Туляремиядан сақтану шаралары

С вирусты гепатиті көп жағдайда қан арқылы, қан құю кезінде немесе зарарсыздандырылмаған медициналық құралдардан жұғады. Сирек кездесетін жолдары: жыныс жолы, ауру анадан іштегі балаға және татуировка, маникюр, педикюр жасаған жағдайда.

Кәсіби ортада медициналық қызметкерлермен жұмыс кезінде өткір құралдардан жарақат алғаннан және қанмен байланысқаннан С гепатиті пайда болады. Ол топқа қанмен жиі қатынастары бар қан орталығы, хирургиялық, реанимациялық бөлімдердің, ота жасайтын акушер-гинекологтар, стоматологтар, зертханалардың медицина қызметкерлері жатады.

Медициналық қызметкерлерге егу және басқа да инвазивті манипуляция жасау барысында күн сайын қан арқылы таралатын жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі төніп тұрады. Сондықтан статистикаға қарағанда жарақат алу жағдайлары көбірек болатыны анық. Әрине, ауруға шалдығу қаупі маманның өзінің тәжірибесіне, қимылына тікелей байланысты. Жұмысқа алар

алдында және жұмыс барысында медициналық қызметкермен қауіпсіз егу практикасына оқыту жүргізу және әр қимылдарының алгоритмдерін құрастырып, жұмысқа енгізу керек. Олар қауіп төнген жағдайлардың алдын алу үшін қандай шаралар, іс-әрекет қолдану керек екенін білу керек. Маңыздысы, қауіпті қатынастан соң әр медициналық қызметкер арнайы маманның кеңесін алуға мүмкіндігі болуы қажет. Жарақат алған қызметкер және жұқпаның көзі толық медициналық тексерістен өту керек. Нақты оң нәтиже анықталған жағдайда С вирусты гепатитке қарсы ем жүргізіледі.

Кәсіби ортада қан арқылы таралатын жұқпалы ауруларды алдын алу үшін көптеген белгілі шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі жеке сақтану құралдарын қолдану, әсіресе, егу және басқа да қанмен байланысты іс-әрекет алдында резеңке қолғап кию. Бұл вирустан сақтану үшiн жеке бастың тазалығына қатысты қауiпсiздiк шараларын әрдайым сақтаған жөн.

А.ХАМидуллинА,Сырым аудандық

тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының жетекші

маманы

С вирусты гепатиті

Page 8: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)

Соңғы бет 8 2 маусым 2016 жыл

30 маусым күні Жетікөл ауылының тұрғыны, тыл еңбеккері Құрманғазиев Дүйсенбі Шеркешбайұлы 79 жасына қараған шағында дүниеден озды.

Құрманғазиев Дүйсенбі Шеркешбайұлы 1937 жылы 25 желтоқсанда Сырым ауданы, Жетікөл ауылында дүниеге келген. 1945-1952 жылдары Жетікөл ауылдық жеті жылдық мектебінде, 1952-1955 жылдары Жымпиты орта мектебінде оқып, бітіріп шыққан. 1955-1958 жылдары Орал ауыл шаруашылық техникумын зоотехник мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1981 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтына сырттай бөлімге оқуға түсіп, 1986 жылы бітіріп шыққан. Еңбек жолын 1958 жылы бастап, Абай, Жетікөл совхоздарында бөлімше зоотехнигі болып қызмет атқарған. 1981 жылдан 1987 жылға дейін Жетікөл совхозында бухгалтердің орынбасары болып, 1987 жылдан 2002 жылға дейін бас бухгалтер болып қызмет атқарған. Зейнеткерлікке шыққан соң қоғамдық жұмыстарға араласып, Жетікөл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Құрманғазиев Дүйсенбі Шеркешбайұлының отбасы мен ағайын туыстарына көңіл айтамыз. Ағамыздың жарқын бейнесі біздің жадымызда әрдайым сақталады.

А.Шыныбеков, Т.Төреғалиев, А.Саркулов, Ш.дүйсенғалиева, А.Галимов, о.Сарғозыұлы, Т.даргужиев, М.Қажиахметов, С.имангалиев

Бұлдырты орманшылығында 8018 га жер қоры бар. Бұл жеріміз жан- жағынан шаруа қожалықтарының жерімен шектеседі. Маусым айынан бастап шаруа қожалықтары мал азығын дайындауға кіріседі. Ал, осы шаруалардың 80 пайызының техникалары ескі. Сондықтан да шөп шабу науқанының алдында олар техникаларын жөндеп, техникалық тексерістен өтулері тиіс. Тракторда өрт сөндіргіш, сыпырғыш, сапалақ, күрек міндетті түрде болуы керек. Жағдайларыңыз болса (Ранс), су бүркегіш алсаңыздар, өрт сөндіруге жақсы көмектеседі. Шөп шабатын жерлеріңізде техника қоятын, тамақ дайындайтын орын болуы керек және ол жерді қоршап жыртып, тырмалап қоюларыңызды сұраймыз. Бұлдырты орманшылық қызметкерлері ескертпе қағаздарын шаруа қожалықтарының басшыларына ертелі таныстырды. Өрт, әрине, бола қалған кезде өте тез жайылады, сондықтан көпшілік болып тездетіп, жайылмай тұрған кезде сөндірген дұрыс. Бізде ескілік

қағида «жанып жатқан менің жерім емес» деген түсінік бар, адамдарда. Бұл, әрине, дұрыс емес. Қазір өртке оранған сенің жерің болмаса, 1-2 сағаттан кейін желдің өзгеруінен саған да өрт жетеді.

Қазір байланыс құралдары өте жақсы, өрт қаупін, шығуын көрген кезде орман қызметкерлеріне, әкімшілікке, шаруа қожалық-тарының басшыларына, мемлекеттік

өртке қарсы қызметіне (телефон 101) шұғыл хабар берулеріңізді сұраймыз.

Биылғы 2016 жыл жаңбырлы, ылғал мол, әзірге жаман емес. Бірақ, біздің батыс аймақ құбылмалы өңірге жатады, сондықтан бәріне дайын болған дұрыс.

ермек рАХМеТов,Бұлдырты орманшылығының

орман шебері

ветеринарлық фельдшер – 2 бірлік, Экономика маманы – 1 бірлік (тұрақты)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе арнаулы орта ветеринар мамандығының болуы.

Білуге міндетті: ҚР Ветеринария туралы Заңын білу, жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларына қарсы ветеринариялық шараларды орындай білу (вакциналар егу, қан алу, құрал-саймандармен жұмыс жасау және мал емдеу) міндетті түрде компьютерлік бағдарламалармен жетік жұмыс жасай білу.

Экономика маманы бойынша талаптар: - жоғары немесе арнаулы орта білімінің болуы;- ЕССО бағдарламасында және мемлекеттік сатып алу порталында жетік

жұмыс жасай білуі.Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттар қажет:- конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш;- жеке куәлігінің көшірмесі;- білімі туралы құжаттың көшірмесі;- еңбек кітапшасының көшірмесі.Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші азаматтар қажетті құжаттарды осы

бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымы аудандық «Сырым елі» газетіне жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжайға тапсыруы тиіс: Сырым ауданы, Жымпиты ауылы әйтеке би көшесі, №25. Байланыс телефоны:21-7-78

“Сырым аудандық ветеринариялық станциясы” КМК азаматтық қызметшінің боз лауазымына орналасуға

конкурс жариялайды

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аумақтық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен қайта қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі-нің 2014 жылғы 1 қазандағы №662 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті туралы ереженінің 6-тармағы, 19-тармағының 17 тармақшасы басшылыққа алынып, 2016 жылдың мамырдың 30-ы мен маусымның 3-і аралығында «Шартты түрде сотталған» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Сырым аудандық пробация қызметі мен аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, алдын ала құрылған жоспарға сәйкесті жұмыстары толық атқарылды.

Пробациялық қызмет ІІБ және әр

түрлі қоғамдық қалыптастырулармен бірлесіп, есепте тұрған қоғам-нан оқшалаусыз жазаларға сотталғандардың тұрғылықты жері, жұмысы, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексерілді.

Сырым аудандық пробация қызметінде жалпы есепте тұрғандар - 25 адам. Есепте тұрған барлық сотталғандарға бақылау жасалып, оларға ықпал ете алатын немесе олар жайлы мәліметтер бере алатын туыстары мен көршілерінен түсініктеме анықтамалар алынды. Тексеріс кезінде бас бостандығын шектеу жаза мерзіміне сотталғанға бас бостандығын айыру жазасына ұсыныс сотқа жолданды. Бұдан басқа заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

а Ж.БиСеМБиевАСырым аудандық пробация

қызметінің инспекторыәділет аға лейтенанты

5 маусым - Қоршаған ортаны қорғау күні

Өрт сақтықты қажет етеді

Іс-шара өтті

Сырым аудандық “Сырым елі” қоғамдық-саяси газеті редакциясының ұжымы газеттің бұрынғы қызметкері, зейнеткер Дана Қыдырғалиеваға

сүйікті ұлы Саматтыңмезгілсіз қазаға ұшырауына байланысты отбасына, тума-туыстарына

қайғыларына ортақтасып көңіл айтады

Үй сатыладыЖымпиты аулының орталығында Амангелді көшесі №20/2 орналасқан

тұрғын үй сатылады,көлемі 100 ш.м.,жөндеу өткізілген, су, газ, септик, сплит система бар, ауласы кең, гараж, жазғы кухня, мал қорасы, шаруашылық қорасы бар, үйдің алдында Сырым саябағы орналасқан, балабақша,мектеп жақын. Бағасы келісім бойынша.

Байланыс телефоны 87771845780.

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Мәдениет – рухани құндылық» атты салтанатты шара өтті. Аталған шара барысында мәдениет үйі қызметкерлерінің

қатысуымен «Мәдениет үйінің бір күні» атты интермедиалық көрініс көрсетіліп, онда мәдениет қызметкерлерінің қарбалас сәті сәтті көрсетілді. Осы кеште аудан әкімі А.Шыныбеков пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене

шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпейісов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар мәдениет қызметкерлерін «Алғыс хатпен» марапаттады.

н.ТӨлеуіШ,Жымпиты ауылы

мәдениет – рухани құндылық

2016 жылдың 26 мамыры күні Өлеңті өзеніне шомылған кезде Жымпиты ауылының тұрғыны С – деген азамат суға батып, оқыс оқиғасы орын алды. Аудан бойынша ағымдағы жылдың басынан бері 2 суға бату оқиғасы орын алуда.

Құрметті аудан тұрғындары алдымызда жаздың аптап ыстық айлары басталғалы тұр. Сіздерден беймәлім жерлерде, суға жүзу кезінде қолданатын қорғаныш құралдарсыз, сонымен қатар спирттік ішімдектер ішіп суға түспеуіңіз, балаларды

су жағасында қадағалаусыз қалдырмауларыңыз сұралады.

А.ТлеКҚАБылов,Сырым ауданының төтенше

жағдайлар бөлімінің инженеріазаматтық қорғау лейтенанты

Құрманғазиев дүйсенбі Шеркешбайұлы

Тілекқали Ақмамбетов өзінің қысқа ғұмырында спорттың бокс, күрес түрлерінен көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Өткен аптаның соңында осындай біртуар азамат Тілекқали Ақмамбетовты Бөрлі ауданының Қарағанды ауылында Қарағанды мәдениет үйінде еске алу кешіне арналған қазақ күресінен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудан аралық турнир өтті. Айта кету керек, бұл шара Тілекқали Ақмамбетовтың ұрпақтарының қолдауымен өткізілді. Еске алу кешінің ашылу салтанатында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Ж.Қаналин сөз сөйлеп, көпшілікті құттықтап, жарысқа қатысушы өрендерге сәттілік тілесе, Тілекқали Ақмамбетовтың жары Бибісара Шыңғалиқызы да кешке қатысушы қонақтарға алғысын айтып, ризашылығын жеткізді. Осыдан кейін боз кілемге

жарысқа қатысушы командалар таныстырылды. Командаларды атап айтсақ, Бөрлі ауылдық округі, Березовка ауылдық округі сондай-ақ, Бөрлі және Сырым аудандарының палуандары белдесті. Осындай әсерлі өткен күрестің нәтижесінде Сырымдық палуандардың (жаттықтырушысы Ержан Чукуров) бағы жанып, қарсыластарынан басым түсіп, командалық есеп бойынша 1-ші орынды иеленді. Барлық жеңімпаздар мен командаларға ақшалай сыйлық табыс етілді. Жарыс соңында түйе палуан жүлдесі үшін болған белдесуде аудандық Қ.Мырзалиев атындағы мектептің оқушысы Әли Ізбасар жеңіске жетіп, ақшалай сыйлық және кілеммен марапатталды.

нұрлан ТӨлеуіШов. Бөрлі ауданы,

Қарағанды ауылы.

Өзендерге шомылғанда сақ болайық!

азамат рухына тағзымҚай заманның болмасын

өз тұлғасы болатыны белгілі. Сондай жанның бірі Тілекқали Ақмамбетов болатын. ол Жымпиты орта мектебінен білім алып, Алматы қаласындағы радио-техникалық училищесінде жалғастырған. Сол жылдары Алматы қаласында «Қайрат», «Буревестник» спорттық қоғамдарында бокс, еркін күрес, самбо және қазақ күресімен айналысып, үлкен жетістіктерге жеткен. Қазақ ССр-інің 5 дүркін чемпионы, КСро чемпионатының 3 дүркін қола жүлдегері. ол 1972-1979 жылдар аралығында Шыңғырлау ауданының Белагор ауылында мұғалім және бокс секциясының жаттықтырушысы болды. 1979 жылы Сырым ауданы сол кездегі Қызыл ту ұжымшарының Қазақстан ауылына қоныс аударып, мұғалімдік қызмет атқарған. ол 1980 жылы 19 мамыр күні 37 жасында дүниеден өткен.

Page 9: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)
Page 10: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)
Page 11: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)
Page 12: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)
Page 13: Әкімдер қызметтеріне кірісті Боздақтарға тағзымold.baq.kz/storage/8c/8ca714518f6d810f0dbebcd6def9dc68.pdf · Бейсенбі № 23 (9834)

Recommended