+ All Categories
Home > Documents > Google translate (new)

Google translate (new)

Date post: 13-Jun-2015
Category:
Upload: nurbek-matzhani
View: 252 times
Download: 9 times
Share this document with a friend
Description:
Қазақ тілін Google Translate қызметіне қосу жобасының презентациясы
Popular Tags:
15
Ғаламдық Google Translate аударма қызметіне қазақ тілін қосу жобасы
Transcript
Page 1: Google translate (new)

Ғаламдық Google Translate аударма

қызметіне қазақ тілін қосу жобасы

Page 2: Google translate (new)

Google аудармашы – бұл тегін, 64 тілде жұмыс істейтін әлемдегі ең танымал аударма қызметі. Қызмет онлайн жұмыс істейді және интернетке кіру мүмкіндігі бар кез келген азаматқа қолжетімді. Google аудармашы жүйеге қосылған барлық тілдер арасында сөздерді, сөйлемдерді, мәтіндерді және тұтас веб-парақшаларды аудару мүміндігігне ие.

Жүйеге тілдерді қосу міндеті сол тілдің қолданушыларына жүктелген.

Өкінішке орай, қазақ тілі аталмыш жүйге әлі қосылмаған.

Page 3: Google translate (new)

Google аудармашы қанша тілде жұмыс істейді?Бүгінгі таңда Google

аудармашы 64 тілде жұмыс істейді. Жүйеге енген

тілдердің ішінде армян, әзірбайжан, грузин, литва, латыш және эстон тілдері

де бар.

Page 4: Google translate (new)

Сервис қалай жұмыс істейді? Google аудармашы сапалы аударма

ұсыну үшін жүздеген миллион құжаттар ішінен үлгілер іздейді. Құжаттар ішінде қажет үлгілерді тапқан жағдайда, Google сәйкес аударманы таңдау үшін инттелектуалды болжам жасай алады.

Google-ға сараптама ретінде адамдар аударып берген мәтіндер қаншалықты көп болса, машиналық аударманың сапасы да соншалықты жоғары болады. Сол себепті де жүйедегі тілдер арасындағы аударма дәлдігінде айырмашылықтар кездеседі.

Page 5: Google translate (new)

Google Translate Toolkit (Аудармашының құралдар)

• Сервиске жаңа тілді қосу үшін көп көлемде өзара дәлме-дәл аударылған сөйлемдердің жұптары қажет.

• Аударуға арналған материал word файл ретінде, сондай-ақ Википедиадағы мақала ретінде жүктеледі.

• Бірінші кезең үшін жүйеге ағылшын Википедиасынан қазақ Википедиасына 10 000 мақала аударылуы тиіс.

Page 6: Google translate (new)

Қазақ тіліндегі Google Translate не үшін қажет?

• Аталмыш сервис қазақ тілін интернеттегі қолдану аясын кеңейтуге септігін тигізеді.

• Негізгі әлемдік тілдерден сайттарды, құжаттарды және аудиофайлдарды қазақ тіліне аударуға мүмкіндік береді.

• Сервисте қазақ тілінің болуы қазақтілді қауымға интернеттің барлық мүмкіндігін пайдалануға жол ашады.

Page 7: Google translate (new)

Не істеу керек?

Аударма мысалдары

Ағылшын тілінен қазақ тіліне (орысшадан қазақшаға) үлкен көлемдегі мәтіндік материалдардың дәлме-дәл аудару жұмысын ұйымдастыру керек. Дайын материалды Google Translate қызметіне енгізу керек. Google компаниясы техникалық көмек пен қолдау көрсетуге ынта білдіріп отыр.

Аударма мен енгізу жұмысына мүмкіндігінше көп адамды жұмылдыру қажет.

Page 8: Google translate (new)

Google-ға тіркелу

Аударма жұмысын бастау үшін, ең алдымен Google сайтына тіркелу керек. Ол үшін www.google.com адресі бойынша өтіп, терезенің оң жақ жоғары бұрышында орналасқан «Войти» батырмасын басуымыз қажет

Page 9: Google translate (new)

Google-ға тіркелу

Пайда болған терезеде «Зарегестрироваться» деген батырманы басу керек

Page 10: Google translate (new)

Google-ға тіркелу

Тіркелу үшін қажет ақпараттарды толтырғаннан кейін «Далее» деген батырманы басып, тіркелуді аяқтаймыз

Page 11: Google translate (new)

Жобаға қалайша үлес қосуға болады?

«Google»-дің парақшасында «More» (Еще) деген батырманы басу арқылы «Translate» (Переводчик) деген бетті таңдаймыз

Page 12: Google translate (new)

«About Google Translate» (О переводчике Google) дегенге басыңыз, сосын «Translator Toolkit»-ке (Инструменты переводчика) өтіңіз

Жобаға қалайша үлес қосуға болады?

Page 13: Google translate (new)

«Upload» (Загрузить) дегенге басыңыз

Жобаға қалайша үлес қосуға болады?

Page 14: Google translate (new)

Жобаға қалайша үлес қосуға болады?

Мәтіннің керекті форматын таңдап, аударма жұмыс бастай беруге болады. Сіз қаншалықты көп аударма жасасаңыз, қазақ тілінің жүйеге қосылуы соншалықты тез жүзеге асады. Аударманы қаншалықты сапалы жасасаңыз, машинананың да жұмысын соншалықты сапалы болады

Page 15: Google translate (new)

Іске сәт!


Recommended