+ All Categories
Home > Documents > №4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas [email protected] ... · Бұл мәселені...

№4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas [email protected] ... · Бұл мәселені...

Date post: 11-Jul-2020
Category:
Upload: others
View: 7 times
Download: 0 times
Share this document with a friend
10
№4 Наурыз-Сәуір 2017 жыл Email: [email protected] Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің мектепішілік оқушылар газеті Бүгінгі нөмірде 8 наурыз халықаралық әйелдер күні Ұлыстың ұлы күні-22 наурыз мейрамы Алаш партиясының 100 жылдық мерейтойы Құттықтаулар Қауіпсіз интернет науқаны Оқушылардың жетістіктері Сөзжұмбақ және т.б.
Transcript
Page 1: №4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas zhalyn@mail.kz ... · Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде пар-тияны

№4 Наурыз-Сәуір 2017 жыл Email: [email protected]

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің

мектепішілік оқушылар газеті

Бүгінгі нөмірде 8 наурыз халықаралық әйелдер күні

Ұлыстың ұлы күні-22 наурыз мейрамы

Алаш партиясының 100 жылдық мерейтойы

Құттықтаулар

Қауіпсіз интернет науқаны

Оқушылардың жетістіктері

Сөзжұмбақ және т.б.

Page 2: №4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas zhalyn@mail.kz ... · Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде пар-тияны

2

8 наурыз мерекесіне орай 5-6

оқушылары, сынып жетекшісі

Балгураева Гулнар

ауылымыздың еңбек ардагері

Бимағамбетқызы Мағрипа әжені 3 наурыз

күні болатын туған күнімен құттықтап

барды. Әжеге арнап өздерінің өлең-

таппақтарын айтып, билерін билеп, күй

тартып берді және гүл шоқтарын ұсынды. Әже

өзінің өмірімен және мал шаруашылығы саласында

36 жыл еңбек еткені туралы қысқаша айтып берді.

Ұ лыстың ұлы күні Наурыз

мерекесіне орай Бүйректал

орта мектебінде 22 наурыз

күні мерекелік іс-шара өтті.

Мереке концерттік бағдарламамен

ашылды. Концерттік бағдарлама

жоспары бойынша әр көше өз өнерлерін

ортаға салды. Әрі қарай жалғасы

мерекелік дастарханнан дәм татумен

жалғасты. Бұл жерде әрбір көше бір

дастарханнан жайды. Дастарханнан дәм

татудан кейін ұлттық ойын түрлерінен ауыл тұрғындары мен оқушылар жарысты.

Ұлттық ойын түрлерінен-қазақша күрес, түйе палуан, кір тасын көтеру, қол күрес,

арқан тартыс ойындары өтті. Наурыз мерекесі қызықты болды.

Page 3: №4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas zhalyn@mail.kz ... · Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде пар-тияны

3

А лаш партиясы 1917

жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында

өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне

байланысты құрылған еді. Бұл съезге Ақмола,

Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан

және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан. Съезде

қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше маңыздысы қазақ

қоғамының сол кездегі алдында тұрған мақсаттарына

сәйкес қазақтың дербес саяси партиясын құру болатын.

Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде пар-

тияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай Жиналысына

айналады.

Жаңадан құрылған партия қазақ атауының синонимі "Алаш" деген атқа ие болды. Оның құра-

мына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев,

М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков,

Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов тағы басқалар кіреді.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды

14 мәселе енгізілді.Олар:

1. Мемлекеттік басқару формасы

2. Автономия құру мәселесі.

3. Жер мәселесі.

4. Халық милициясын құру.

5. Сот ісі.

6. Дін мәселесі.

7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.

8. Құрылтай жиналысын шақыру

9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.

10. Жетісудың ашыққан халқына көмек

11. Халық ағарту ісі

12. Земство

13. Әйел мәселесі

14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу

комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

Жалғасы бар

Алаш партиясының белсенді мушелері .

Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы

Page 4: №4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas zhalyn@mail.kz ... · Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде пар-тияны

4

А удандық бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жұмыстар байқауына

мектебімізден 4 сынып оқушысы Балтабай Елдана қатысып келіп, жүлделі 2 орынмен

оралды. «Алманың пайдасы мен зияны» тақырыбында өзінің ғылыми жұмысын қорғап

келді. Ғылыми жетекшісі-Бірімжанова Айнұр Нұрбековна. Алдағы уақытта осы

жолынан таймай, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. Ал ғылыми жетекшісіне

шығармашылық табыс, ұшқыр ой, оқушыларыңыз осындай жарыстардан орын алып келе берсін

дегіміз келеді.

А уданымызда 5 сәуір күні орыс тілі мен

әдебиеті пәндерінен оқушылар арасында

білім сапасын саралау мақсатында «Знотаки

русского языка» сайысы ұйымдастырылды.

Сайыс 3 бөлімнен тұрды. Бірінші-эссе жазу.

Екінші-тест сынағы. Үшінші-мәнерлеп оқу

сайысы. Бұл сайысқа мектебімізден 10 сынып

оқушысы-Шағыр Динара, 11 сынып оқушылары-

Камит Бота және Жақсылық Ерхан қатысты.

Нәтижесінде Жақсылық Ерхан 2 орынды

иеленді. Жетекшісі-орыс тілі мен әдебиеті

мұғалімі Баймаганбетова А.К.

Қатысушыларға білімдерін шыңдай беруге

тілектеспіз.

Тек қана алға!!!

С әуірдің 12-сі күні ауданымызда

Алаштың ақ жолы «Жас тұлпар»

оқушылар айтысы болып өтті.

Оған мектебімізден 6 сынып оқушысы-

Байболат Бекзат қатысып келді.

Байболат Бекзаттың айтысып жатқан кезі

Page 5: №4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas zhalyn@mail.kz ... · Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде пар-тияны

5

2017 жылдың наурыз айының 13 күні Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде аудандық

Жастар ресурстық орталығы және жастар маслихатының ұйымдастыруымен

«Жайдарман» сайысы өтті. Бұл сайысқа мектебімізден алғаш рет «Күркетал күлкі керуені»

командасы қатысып, 1/4 жартылай финалға жолдама алып келді.

Инфоурок жобасы ұйымдастырған «Көктем-2017» халықаралық қашықтық

олимпиадасына мектебімізден 6 оқушы 3 пән бойынша қатысып,

жүлделі орындарға ие болды.

Информатика пәнінен:

2 дәрежелі диплом-10 сынып оқушысы Алибай Динара;

3 дәрежелі диплом-10 сынып оқушысы Сайдан Аяжан;

Сертификат-10 сынып оқушысы Балтабай Гүлден иеленді.

Орыс тілі пәнінен –11 сынып оқушысы Хамит Ботаға сертификат берілді.

География пәнінен 2 дәрежелі диплом– 11 сынып оқушылары Зарылқан Елдар мен

Жақсылық Ерханға берілді.

Алдағы уақытта оқушыларға биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз.

Page 6: №4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas zhalyn@mail.kz ... · Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде пар-тияны

6

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінде 1 мамыр-

Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күніне арналған

мерекелік жиын шеруі өтті.Оқушылар он ұлттың киімін

киіп, өлең шумақтарын оқып, әндерін айтып,биін биледі.

Қазақ ұлты хор айтты. Орыс ұлты би-билеп,татар халқының

әні орындалды.10-сынып оқушыларының түрік елінің

бағдарламасы ерекшелене білді. Мерекелік бағдарламаны

ауыл тұрғындары мен ата-аналары тамашалады.

24-28 сәуір аралығында Бүйректал орта

мектебінде 1- мамыр Қазақстан

халықтарының бірлігі күніне орай "Қазақстан

мейірімділік мекені"

тақырыбында апталық

өтті. Апталық барысында

мерекелік тақта жасалып,

мектеп оқушылары әр

ұлттың киімін киіп, ән-биін

орындады.Мектеп кітапханашысы

көрме ұйымдастырып тартымды іс-

шара өтті. Әр сынып жетекшілері

өздерінің шығармашылығын

көрсетіп мерекелік көңіл күй сыйлады.

Page 7: №4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas zhalyn@mail.kz ... · Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде пар-тияны

7

Құрметті мектептің Арулары! Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Сіздерге көктемнің шуағындай

жылулық, табиғаттың көктемгі буырқанысындай жаңа серпіліс, жаңашылдық тілеймін. Сонымен қатар,

зор денсаулық, бақыт, шаттық, сыйластық өмірлеріңіздің әр күнінде болсын!

Т/Б: Айман Кулекешовна

Айдын Айымбетов

Талғат Мұсабаев Тоқтар Әубәкіров

Page 8: №4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas zhalyn@mail.kz ... · Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде пар-тияны

8

Өзіңіз жайлы ақпараттарды (мекен-жайды, телефон нөмерді, мектептің атын және т.б.) бөтен адамдарға пошта арқылы

немесе әлеуметтік желі арқылы жіберуге немесе жариялауға БОЛМАЙДЫ. Осы арқылы қылмыскерлер сіздің тұрғылықты

жеріңізді анықтап алуы мүмкін.

Бейтаныс адамдардың жеке кездесулерге шақыруларына КЕЛІСПЕҢІЗ. Мұндай жағдай туындағанда ол адаммен қарым-

қатынасты үзу керек.

Электронды поштаңыздың адресін форумдарда, сайттардағы топтарда, әлеуметтік желілерде қалдыруға БОЛМАЙДЫ. Бұл

спамерлердің жемтігіне айналуы мүмкін. Бұдан кейін сіздің поштаңыз керексіз хаттармен толады.

Белгісіз адамдардан келген хаттардағы сілтемелерді (орыс. «ссылка») ашуға БОЛМАЙДЫ. Бұл қылмыскерлердің әрекеті

болуы мүмкін.

Хаттардағы ерекше қызықты ұсыныстар жайлы сілтемелерді ашуға БОЛМАЙДЫ. Мысалға, әлеуметтік желіде

профиліңіздің «деңгейін» көтеру немесе супермүмкіндік алу. Мұндай хаттарды көбінесе қолданушыларды қауіпті веб-

сайттарға кіргізіп, компьютеріне вирус тарату үшін айлакерлер мен қылмыскерлер жібереді.

Оңай ақша табу, тегін сыйлықтар, мұрагерлік алу жайлы ұсыныстарға НАЗАР АУДАРМАҒАН ЖӨН. Мұндай хаттарды тек

айлакерлер ғана жібереді.

Page 9: №4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas zhalyn@mail.kz ... · Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде пар-тияны

9

Мектептің үстінен қарағанда

Авторы– Ғабит Арасат

GoogleSketchup 8 бағдарламасында істеген

жұмыстары

Мектептің үстінен қарағанда

Авторы– Қаупыш Аслан

Page 10: №4 Наурыз Сәуір 2017 жыл Email: Zhas zhalyn@mail.kz ... · Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде пар-тияны

10

“Мыңғырған мал даласында жайылған

бабалардың болған сондай тұрағы” –

деп Аяқ мойылды жерін айтар едім. Бұл

жердің шөбі шүйгін, суы мөлдір, көктем

болса түкті кілемдей жайылған

бәйшешегі, қызғалдағы неге тұрады! Ата-

бабаларымыз төрт-түлікті ерекше

бағалап, өсіріп, жаз жайлауын, қыс

қыстауын мекендеген ең шұрайлы жер.

Аяқ мойылды

ХІХ ғасырда өмір сүрген үлкен атам –

Ағыбай Қ ост анай ж ерінен т үрлі дән

үлгілерін алып келіп , жергілікті халыққа

бау-бақша, егін егу әдісін үйреткен.

Мойылды өзенінен бірінші рет шым

кірпіштер арқылы арықтар қаздырып,

жүйелеп суару әдісімен егіннен мол алу

тәжірибе жасаған. Сондықтан бұл жер

Ағыбай ауылы немесе Егінсай деп

аталады.

Егінсай

Күркетал Сызылған қайың сырласқан,

Әуелеп құстар шуласқан.

Мөлдір өзенге шомыла,

Түседі аунап күллі аспан.

“Күркетал” деп аталу себебі: Қырат

жерде орналасқан, бұлақтың маңайы қызыл

тал және қайың көп өскен жер. Бұлақты

қалқалап, қорғап тұрғандай әсер етеді. Суы

мөлдір, тап-таза.


Recommended